07
ақпан
2022
БЕСТІК ДИКТАНТ
"Тілім менің-сарқылмас қазынамсың" атты апталықта жоспарға сәйкес "Бестік диктант" жазу жұмысы 5-6 сыныптар аралығында 07.02.2022 күні өтілді. Диктант А.Байтұрсынұлыныңт "Адамдық диқаншысы" өлеңі бойынша жазылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Бегімбетова алдымен диктанттың шартын түсіндірді. Оқушылар диктантты қызығушылықпен орындады.
"Бестік диктант" - оқушылар танымын белсенді етудің, қызығушылығын арттырудың, әсіресе әдеби тілін дамытудың, сауаттылыққа баулудың ең тиімді әдісі. "Бестік диктанттың" мәтінін мұғалім емес, оқушылардың өзі құрастырады; дәстүрлі диктанттарда бүкіл сынып бір мәтінді жазса, мұнда әр оқушы өзіне берілген шығармашылық еркіндікті пайдалана отырып, өз мәтінін жазады; оқушылардың есте сақтау қабілеттері жетіледі; қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін жаңа мақсатқа тиімді пайдалануға талпынады.