26
желтоқсан
2021
«Өзі-өзі тану – адамгершілік бастауы»
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде өзін – өзі тану пәні мұғалімдері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Өзі-өзі тану – адамгершілік бастауы» тақырыбында қалалық-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. Семинарда А.А.Өмірбаева 9 «А» сыныбында «Ұжымдағы ынтымақтастық» тақырыбында ашық сабақ өтті. А.А.Өмірбаева QR код арқылы топқа біріктірілген оқушыларды "Тыныштық сәтінен" бастап, үш топ отбасындағы, сыныптағы, қоғамдағы ынтымақтастық туралы нақты айтып берді. Оқушылар «Сыйқырлы жәшік» әдісі арқылы бейне таспадан өзін-өзі тану пәні бойынша сұрақтардың дұрыс жауаптарын тауып, балл жинады.Үш топтаның оқушылары да тапсырмаларды дұрыс орындай білді, дәйексөздің мәнін ашты, топпен ән айтты, дәптермен жұмыс жасалды. Мұғалім бірнеше әдіс- тәсілдер қолдана отырып, оқушыларға қоғамда, мектепте, сыныпта ынтымақастық орнатудың маңыздылығы туралы түсіндірді.
Мақсаты: Оқушыларға ұжымдағы ынтымақтастық туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу еді.
Мақсаты: Оқушыларға ұжымдағы ынтымақтастық туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу еді.




