24
желтоқсан
2021
«Өзі-өзі тану – адамгершілік бастауы»
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде өзін – өзі тану пәні мұғалімдері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Өзі-өзі тану – адамгершілік бастауы» тақырыбында қалалық-тәжірибелік семинар өткізілді. Семинарда көрме ұйымдастырылып, ашық сабақтар және тренингтер өтті. Семинарға Шымкент қалалық Білім басқармасының әдістемелік орталығынан өзін-өзі тану пәнінің әдіскері Кисабекова Алтынай Алтаевна және қалалық мектептердің өзін-өзі тану пәні мұғалімдері қатысты. 























