Материалы за Сентябрь 2022 года » Страница 3 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Сентябрь 2022 года » Страница 3
«Тіл достықтың кепілі» атты жоспар аясында орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығы өткізілуде.
21
сентябрь
2022
«Тіл достықтың кепілі» атты жоспар аясында орыс тілі мен әдебиеті
   Мектепте Тілдер мерекесіне арналған «Тіл достықтың кепілі» атты жоспар аясында орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығы өткізілуде. 9 — 11 сынып оқушылары арасында «Родной язык — мой язык»  тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Бірлестік жетекшісі  Т. О. Абдрашова,  орыс тілі пәні мұғалімдері М.А.Косибаева, Г.Р.Сауганова, А.А.Өмірбаевалар оқушыларды Ахмет Байтұрсынов аавгустдың "Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады" деген сөзінен бастады. Орыс тілін меңгере отырып, өз тілін
"Абайлаңыз, балалар!" атты жол ережесіне арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді.
20
сентябрь
2022
"Абайлаңыз, балалар!" атты жол ережесіне арналған тәрбиелік іс-шара
  Мектебімізде "Абайлаңыз, балалар!" атты жол ережесіне арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шарада оқушыларға жолда жүру ережесін сақтау, жол белгілерінің түрлерімен таныстыру, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелерде және онда жүйткіген автокөліктер көбейгендігінен, көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келетіндігі, жол-көлік оқиғаларының қаупі артқандығы туралы айтылды. Сондықтан
«Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым қатынас қандай болу керек?» тақырыбында жиналыс өткізілді.
20
сентябрь
2022
«Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым қатынас қандай болу керек?»
  Мектепте барлық сыныптар арасында «Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым қатынас қандай болу керек?» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста сынып жетекшілер ата-аналарды мектептің ішкі тәртібімен таныстыра отырып, жаңа жылда оқу жоспарын бірге ұйымдастыруды ұсынды. Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланысты нығайту мақсатында сынып сағаттарын өткізетін болды. Ата-аналар өз ара келісімге келе отырып ата-ана комитетін сайлады.
«Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы» атты іс-шарасы өткізілді.
19
сентябрь
2022
«Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы» атты іс-шарасы өткізілді.
  Мектебімізде Қазақстан халқы тілдері күні және Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ағылшын тілі бірлестігінің «Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы» атты іс-шарасы өтті. Өнерлі оқушыларымыз қазақ және ағылшын тілінде өлең-жырлар оқып, ән шырқады. Сонымен қатар ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұргүл Абдиқалиқызы шараға қатысқан оқушылар арасында ойын ұйымдастырды. Осы күні біз қолданып жүрген көптеген лингвистикалық атауларды ғылымға енгізген – Ахмет Байтұрсынұлы. Ойынның шарты
«Мектеп Парламенті» сайлауы өткізілді.
15
сентябрь
2022
«Мектеп Парламенті» сайлауы өткізілді.
Мектебімізде оқушылар арасында өзін-өзі басқару ұйымдарын дамыту тұжырымдамасы бойынша «Мектеп Парламенті» сайлауы өткізілді. Мектеп Президенттігіне үміткерлер анықталып,  өздерінің сайлау алды бағдарламаларын ұсынды. Сайлау барысында ең көп дауыс жинаған 11«Ә» сынып оқушысы Қуандық Есіл "Мектеп Президенті" болып сайланды. 
ЖАРАЙСЫҢ ШЕРХАН, Сен бүгінгі күннің үздігісің!
15
сентябрь
2022
ЖАРАЙСЫҢ ШЕРХАН, Сен бүгінгі күннің үздігісің!
БҮГІНГІ КҮННІҢ ҮЗДІГІ 7-9 сентябрь күндері Алматы қаласында өткізілген балалар спорт мектептері арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіл атлетикадан мектебіміздің 9 «В» сынып оқушысы Егізбай Шерхан қатысып, дипломмен марапатталды. Мектеп директоры Гулнур Аскербекқызы Пржанова Егізбай Шерханды құттықтап, алғысын білдірді.  ЖАРАЙСЫҢ ШЕРХАН, Сен бүгінгі күннің үздігісің!
Бүгінгі күннің үздігі - Жамау Назым Есжанқызы.
14
сентябрь
2022
Бүгінгі күннің үздігі - Жамау Назым Есжанқызы.
   Мектебіміздің 9 «В» сынып оқушысы Жамау Назым Есжанқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Балалар жылы" деп жариялауына байланысты ұйымдастырылған "Ұрпақтар сабақтастығы-II" кәсіби суретшілер мен шебер ұстаздардың ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫНА қатысып, көрмедегі үздік туындысы үшін мадақтамамен марапатталса, жетекшісі Аблаева Зина Биллаевна сертификатпен марапатталып, бүгінгі күннің үздігі атанды.
МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ ӘУЕЗОВТЫҢ ТУЫЛҒАНЫНА 125 ЖЫЛ
14
сентябрь
2022
МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ ӘУЕЗОВТЫҢ ТУЫЛҒАНЫНА 125 ЖЫЛ
  Мектеп кітапханашылары "Заманымыздың заңғар жазушысы қазақ әдебиетінің тарланы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туылғанына 125 жыл" толуына орай 8 "в" сынып оқушыларына библиографиялық шолу жүргізіп, оқушыларды жазушының шығармаларымен таныстыра отырып, кітап оқуға шақырды.
"Қыз Жібек" қыздар клубының жиналысы өткізілді
14
сентябрь
2022
"Қыз Жібек" қыздар клубының жиналысы өткізілді
 "Қыз Жібек" қыздар клубының жиналысы өткізілді. "Қыз Жібек" клубының төрайымы М.Қосыбаева 2022-2023 оқу жылының  жоспарымен таныстырып өтті. Жиналысқа "Асыл Әжелер" клубының төрайымы ардагер ұстаз Бекайдарова Гүлнар қатысып, қыз балаларды жан-жақты әдемі, әдепті, инабатты болуға шақырды. Сонымен бірге, мектептің ішкі тәртіп ережесі туралы қыздарға түсіндірме жұмысы жүргізілді.
"Жас Сарбаз" тобының күнделікті таңғы жаттығулары
13
сентябрь
2022
"Жас Сарбаз" тобының күнделікті таңғы жаттығулары
"Жас Сарбаз" тобының күнделікті таңғы сабақтары әскери жаттығулармен басталады. Олар саппен жүру, пресс, турникке тартылу, эстафета, жүгіру бойынша жаттығу жасайды. Әскери жаттығудың өзіндік ерекшелігі, оқушылардың туған елін,  жерін, Отанын қорғауға дайындығын күшейтеді.