Материалы за 14.09.2022 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 14.09.2022
Бүгінгі күннің үздігі - Жамау Назым Есжанқызы.
14
сентябрь
2022
Бүгінгі күннің үздігі - Жамау Назым Есжанқызы.
   Мектебіміздің 9 «В» сынып оқушысы Жамау Назым Есжанқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Балалар жылы" деп жариялауына байланысты ұйымдастырылған "Ұрпақтар сабақтастығы-II" кәсіби суретшілер мен шебер ұстаздардың ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫНА қатысып, көрмедегі үздік туындысы үшін мадақтамамен марапатталса, жетекшісі Аблаева Зина Биллаевна сертификатпен марапатталып, бүгінгі күннің үздігі атанды.
МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ ӘУЕЗОВТЫҢ ТУЫЛҒАНЫНА 125 ЖЫЛ
14
сентябрь
2022
МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ ӘУЕЗОВТЫҢ ТУЫЛҒАНЫНА 125 ЖЫЛ
  Мектеп кітапханашылары "Заманымыздың заңғар жазушысы қазақ әдебиетінің тарланы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туылғанына 125 жыл" толуына орай 8 "в" сынып оқушыларына библиографиялық шолу жүргізіп, оқушыларды жазушының шығармаларымен таныстыра отырып, кітап оқуға шақырды.
"Қыз Жібек" қыздар клубының жиналысы өткізілді
14
сентябрь
2022
"Қыз Жібек" қыздар клубының жиналысы өткізілді
 "Қыз Жібек" қыздар клубының жиналысы өткізілді. "Қыз Жібек" клубының төрайымы М.Қосыбаева 2022-2023 оқу жылының  жоспарымен таныстырып өтті. Жиналысқа "Асыл Әжелер" клубының төрайымы ардагер ұстаз Бекайдарова Гүлнар қатысып, қыз балаларды жан-жақты әдемі, әдепті, инабатты болуға шақырды. Сонымен бірге, мектептің ішкі тәртіп ережесі туралы қыздарға түсіндірме жұмысы жүргізілді.