10
тамыз
2023
"ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ КӨҢІЛДІ"
2023 жылдың жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді өткізу мақсатында, №68 жалпы орта білім беретін мектебіндегі мемлекеттік қолдауға ие отбасылардан шыққан 40-балаға «Арасан» лагеріне жолдама берілген болатын. Балалар жазғы лагерге барып өте керемет деңгейде демалып келді. Оқушыларымызға ұнағандығы сонша үйлеріне қайтқысы келмеді. Лагерде оқушылар көптеген достар тауып, жаңа дүниелермен танысып қайтты. Оқушылар да ата-аналар да рақметтерін айтып, ризашылықтарын білдірді.






