13
маусым
2022
ЖАЗҒЫ ЛАГЕРГЕ ЦИРК КЕЛДІ!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 ЖОББМ- де «Жазғы мектеп» жанынан ашылған «Балдырған» жазғы сауықтыру лагеріне цирк келді.
«Иллюзиялық шоу» деп аталатын шоуда сиқыршы Айтжан Егембердиев, сайқымазақ «Пико» және «Қатипаш» есімді маймыл өнер көрсетті.
Кез келген бала циркті жақсы көреді, сол себептен де мектеп залы көрерменге лық толды. Қызықты қойылымнан лагерь тәрбиеленушілерінің ешбірі құр қалмады. Олар сайқымазақпен бірге би билеп, көңіл көтерді. Маймылдың өнеріне тәнті болғандар сахнаға шығып, жануарды жақыннан қолымен ұстап көрді.
Ал сиқыршы Айтжанның өнері көрермендерді таңдай қаққызды. Оның оқушыны үстелге басын тіреп «қалықтатып» қойғаны, көмекші қыздың қолы байлаулы болғанымен бірнеше минутта күзетшінің сырт киімін үстіне киген иллюзиясын оқушылар көпке дейін естен шығармасы анық.
Кішкентай көрермендер көрсетілім барысында белсенділік танытып, цирк ұжымымен бірге қойылымға қатысты. Әсіресе сайқымазақтың өнері жиналғандардың жанына айрықша әсер етті. Өйткені, балалардың басым көпшілігі осы кейіпкердің қимылдарын ерекше ынтамен тамашалап, жүздеріне күлкі үйірілді. Ол көрермендерді жалықтырмас үшін сергіту ойындарын ойнатты. Осындай тамаша кештен қуана шыққан балалар мерекелік көңіл-күй сыйлаған жандарға ризашылықтарын білдіруді де ұмытпады.