25
ақпан
2020
8-10 сынып оқушыларынан "Ақниет" волонтер тобы құрылды. "Ақниет" тобы мүшелері Ұлы Отан соғысы ардагері Қазбеков Абылай атамыздың үйіне барып хал-жағдайын сұрап, үй шаруашылығы жұмыстарына көмектесіп қайтты.
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты #68 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-10 сынып оқушыларынан "Ақниет" волонтер тобы құрылды. "Ақниет" тобы мүшелері Ұлы Отан соғысы ардагері Қазбеков Абылай атамыздың үйіне барып хал-жағдайын сұрап, үй шаруашылығы жұмыстарына көмектесіп қайтты. Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап гүл шоғын ұсынып, сыйлық берілді. Концерттік бағдарлама ұйымдастырып, домбырамен ән-күй орындап, өлеңдерін оқып берді. Абылай атамыздың өмірбаянымен танысып, соғысжылдарындағы басынан кешкен қиыншылықтары мен ерліктері туралы толық танысты. Кеудесіндегі алған орден, медальдары қызықтырып, зерттеп қайтты, ашық жарқын көңіл-күймен қайтты.











