27
наурыз
2023
"Jas Sarbaz Chess Cup-2023" шахмат турнирі өтті
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Біртұтас ұлт-біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасы аясында 2023 жылдың 23-25 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы базасында "JAS SARBAZ" қозғалысының тәрбиеленушілері арасында I Республикалық "Jas Sarbaz Chess Cup-2023" шахмат турнирі өтті. Аталған турнирде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің құрама командасы жүлделі ІІІ орын иеленсе, 8-сынып оқушысы Есенбеков Тілеухан үздік нәтиже көрсеткені үшін сертификатпен марапатталды. "Jas Sarbaz" қозғалысы тек алға, жарайсыздар! Жеңіс құтты болсын!







