04
наурыз
2022
№68 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ТІРЕК МЕКТЕБІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНЕ 30 ЖЫЛ "БІРТҰТАС ҰЛТ - БІРТҰТАС ӘСКЕР" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА "АЙБЫНЫ АСҚАҚ— ЖАС САРБАЗ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жыл "Балалар жылы" деп айтқан үндеуін орындау мақсатында ҚР Қарулы Күштеріне 30 жыл, "Біртұтас ұлт—біртұтас әскер" бағдарламасы аясында "Айбыны асқақ— Жас сарбаз" тақырыбында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектеп базасында алғаш рет республикалық оқу-тәжірибелік семинары өткізілді. Тарату семинары Айбынды жастар жиынының қатарында болуға "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысы, "Смарт сарбаз" үйірмелеріне жасөспірімдердің қатарын көбейту мақсатында әскери-патриоттық қолданбалы спорттық сайыстарға, дене дайындығын қалыптастыруға, Отанды сүюге баулу, адал қызмет етуге дайындау жаңашыл бәсекеге қабiлетті ұрпақ тәрбиелеу жұмысы аясында ұйымдастырылды.










