«СҰҢҚАР» КОМАНДАСЫ МАРАПАТТАЛДЫ » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «СҰҢҚАР» КОМАНДАСЫ МАРАПАТТАЛДЫ
29
қараша
2021

«СҰҢҚАР» КОМАНДАСЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«СҰҢҚАР» КОМАНДАСЫ МАРАПАТТАЛДЫ

VII Республикалық «Айбын-2021» әскери-патриоттық жастар жиыны өз мәресіне жетті. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 ЖОББМ-нің «Сұңқар» командасы Республика бойынша 51 команданың арасынан 8 орынға ие болды. Мектебіміз үшін де, Жас сарбаздар үшін де - бұл үлкен жеңіс. 
Бүгін мектебімізде айтулы шараға қатысып, жас та болса бас болып, жақсы нәтиже көрсеткен «Сұңқар» командасының Жас сарбаздарын марапаттау рәсімі өтті. Мектеп басшысы Гүлнұр Әскербекқызы оларға арнайы сыйлық – смарт-сағаттар мен Мадақтама табыстады. 
Жиын барысында «Сұңқар» командасының әрбір мүшесі жарысқа тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұрды. Жас сарбаздар арасында оқ бойы оза шапқан жүйріктеріміз бар. Олар:
«Саламатты Жас сарбаз» сайысы бойынша Аллақұл Әлия, Тәліп Назым 1-орын;
Тоғызқұмалақ сайысында Дат Нұршаттық пен Әліхан Жансая жүлделі 1-орын;
Автомат АК-74 шашып жинау сайысында «Сұңқар» командасы 2-орын;
«Жас Сарбаз-Жас тілшісі» байқауында Асылайым Тәтіш 4-орын иеленді.
Жалпы есеп бойынша, «Сұңқар» командасы 2 Алтын, 1 Күміс, 1 Қоламен жарысты аяқтады.
Марапаттау соңында «Сұңқар» командасына арнайы мерекелік дастархан жайылып, қошемет көрсетілді.










Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив