"СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ"
Мектебіміздің «Өнеге» тобы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Сөйлеу әдебін білеміз бе?» тақырыбында ұлдар кеңесі өтті. Сөйлеу–қоғамдық сипаты мол қасиет. Сөйлеу мәдениеті дегенге тек сыпайы сөйлеу деген ұғым қалыптаспауы керек. Адамның қалай сөйлегеніне қарап, оның рухани және парасат өрісін, ішкі мәдениетінің дәрежесін анықтауға болады. Кей жағдайда үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастардың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні,