«Педагог мамандардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың іс-тәжірибелік үлгісі» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Педагог мамандардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың іс-тәжірибелік үлгісі»
29
қараша
2022

«Педагог мамандардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың іс-тәжірибелік үлгісі»

    25 қараша 2022 ж. күні мектебімізде «Педагог мамандардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың іс-тәжірибелік үлгісі» тақырыбында оқыта үйрету семинары өтті. Семинарға саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеу ісіне арнаған ұлағатты ұстаз, Шымкент Жоғары Педагогикалық колледж директорының орынбасары, ғылыми – әдістемелік бөлім меңгерушісі қызметін атқарған, көптеген әдістемелік құралдардың, жинақтардың авторы, бүгінгі таңда «Өркениет» ақпараттық-әдістемелік орталығының басшысы – Коздибаева Абила Коздибаевна келіп, дәріс оқыды. Ол өз дәрісінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары және өткізу қағидалары жайында түсінік беріп, ғылыми жоба жұмыстарын жүргізудің қыр-сырымен бөлісті. Өзі жеткен жетістіктерін көрсете отырып, мұғалімдерге  өзекті тақырып таңдау, жоба жазу, оқушыға қалай бағыт-бағдар беру керектігі туралы мәліметтер айтты. Оқыта үйрету семинары кенеулі ойларды ортаға салып, оқытудың озық тәжірибелерін айқындайтын, тәжірибе алмасатын алаң болды.










Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив