02
желтоқсан
2022
"ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ - ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП"
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Шанетованың ұйымдастыруымен мектепте «Үлкендер жолы - ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып" тақырыбында ардагер ұстаз –Бақыт Камаловамен кездесу ұйымдастырылып, өткізілді. Кездесу кешке мектеп директоры Пржанова Гулнур Аскербекқызы бастаған №68 жалпы орта білім беретін мектебінде жұмыс істейтін ардагер ұстаздың бір топ шәкірттері және поэзияға жаны құмар оқушылар да қатысты. Кеш барысында Бақыт Камаловна шәкірттерімен бірге мектеп кезіндегі сәттерін еске алып, осындай шәкірттерімен мақтанатынын айтты. Ал мектеп оқушылары өздері сүйіп оқитын өлеңдерін ақын-жазушыға оқып берді. Ардагер ұстаздың ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым - парасатымен, талғам - танымымен танылатын асыл жан екеніне оқушылармен мұғалімдер де тәнті болды. 80-жасты еңсерген Бақыт апай тек қазақ ақын-жазушылардың өлең жырларын мүдірмей оқып қана қоймай, өз шығармашылығынан өлеңдер оқып, кешке қатысушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыра түсті.














