20
ақпан
2023
"Жаңа Қазақстан: ғылым көкжиегіндегі жаңа мүмкіндіктер"
Мектебімізде "Жас ғалым" оқушылар ғылыми қоғамының жылдық жоспарына сәйкес, бастауыш және жоғары сынып оқушылары арасында "Жаңа Қазақстан: ғылым көкжиегіндегі жаңа мүмкіндіктер" тақырыбында мектепішілік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция еліміздің 2019 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ғылымға қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.. Конференцияны тарих пәні мұғалімі Н.Дүйсенбаевтың "Жаңа Қазақстан: ғылым көкжиегіндегі жаңа мүмкіндіктер" тақырыбындағы баяндамасын оқумен бастап, А.Жанысбекова ғылыми үйірме жұмыстарының таныстырылымын жасады. Мектеп психологы Г.Шынтаева оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру мақсатында "Сенім - менің серігім" тақырыбында тренинг жүргізді. Конференцияның негізгі бөлімінде оқушылар өз жоба жұмыстарын қорғап, қорытынды бөлімінде мектеп директоры Г.А.Пржанова сөз алып, әділ-қазылар алқасының шешімімен критерийлерге сай келген зерттеу жұмыстарын бағалап, жүлделі орынға ие болған оқушыларды марапаттады.











