20
ақпан
2020
«А.Құнанбаев пен Әбу-Насыр Әл-Фараби үндестігі» тақырыбында Шымкент қалалық білім басқармасы әдістемелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған қалалық семинар өткізілді.
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде Абай Құнанбаевтың туылғанына 175 жыл Әбу-Насыр Әл-Фараби бабамыздың туылғанына 1150 жыл толуына сәйкес 2020 жылдың 20 ақпан күні «А.Құнанбаев пен Әбу-Насыр Әл-Фараби үндестігі» тақырыбында Шымкент қалалық білім басқармасы әдістемелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған қалалық семинар өткізілді. Семинарға қала мектептерінің бастауыш сынып әдістеме бірлестік жетекшілері мен сынып жетекшілері шақырылды. Сонымен қатар, қамқоршылық кеңес мүшелері, Ата – аналар комитеті және Нұр Отан бастауыш партия өкілдері қатыстырылды. Семинарды әдістеме орталығының директорының орынбасары Г.М.Сражиева ашып, бағдарламамен және мақсатымен таныстырылды. Оқушылар шығармашылығынан «Абай әндері» сурет көрмесі, «Абайды оқыған соң ...» эссе байқауы «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен» мүшайра сайыстары ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптарда ашық сабақтар мен «Абайды білмек керек ойлы жасқа» тақырыбында тәрбие сағаттары, «Ғылым таппай мақтанба...» ғылыми жоба жұмыстары және «Менің – идеям – менің шығармашылығым» атты педагогикалық идеялар өткізілді.Семинар қортындысында келген қонақтар өз әсерлерімен, алған әдістемелерімен бөлісіп, жоғары баға беріп өтті.Байқауларға қатысып жеңімпаз атанған оқушылар мен шығармашылық ізденісімен үздік сабақ көрсеткен мұғалімдер ҚББ-ның әдістемелік орталығының директоры А.М.Медетбекова мен мектеп директоры Г.А. Пржанованың мадақтамасымен марапатталды.




























