14
мамыр
2022
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕСІ ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Референдумды қолдау жөніндегі республикалық штабтың мүшесі Максим Рожинмен бірге Шымкент қаласы Азат шағын ауданында орналасқан №68 орта мектептің ұжымымен кездесті.
– «Бұған дейін де Конституцияға бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Бірақ, оның барлығы Парламент депутаттарының дауыс беруі арқылы бекітілетін еді. Бұл жолғы өзгерістердің ауқымы өте кең, Ата Заңның 33 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл мемлекеттік жүйесі, Парламенттің өкілеттілігі мен сот жүйесінен бастап, қоғам өмірінің барлық негізгі салаларын қамтитын өзгерістер болып отыр. Ол өзгерістер болашақта біздің қоғамның, жекелеген азаматтардың және келешек ұрпақтарымыздың да өмір сапасының жақсаруына әсер етеді. Сондықтан әрбір азамат референдумға жәй қатысып қана қоймай, қандай өзгерістер үшін дауыс беріп жатқанын түсініп, оның мәнін ұғынуы тиіс», – деді М.Рожин.
🖋 Президентіміздің референдум өткізу туралы ұсынысы түрлі кемшіліктерді болдырмауға мүмкіндік берері анық. Сонымен бірге, азаматтардың өткір де өзекті мәселелерін шешіп, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тікелей көмектесе отырып, сыбайлас жемқорлықпен және азаматтық қоғамға жат құбылыстармен күресіп, әділетті өмір сүруге мүмкіндік берері сөзсіз.
▫️Кездесуде ұстаздар қауымының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сауалдарына толыққанды жауап берілді.