30
сәуір
2022
«Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент»
2022 жыл 11.04 – 22.04. аралығында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Аширбаев Асылбек Батырұлы Алматы қаласындағы «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын институтында «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» тақырыбында орта білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған курсында біліктілігін арттырып келген болатын. Бүгін курстан алған білімін мектеп мұғалімдерімен бөлісті. Қазіргі талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын жетілдіру және қызмет саласындағы жаңалықтар мен озық тәжірибесін үнемі жетілдіріп, үздіксіз іздену – бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты күн талабы екенін айтып өтті.









