06
сәуір
2022
"Ислам мәдениеті ескерткіштері" және "Туған өлке тарихын бiлесiң бе?" тақырыбында ашық сабақ өткізілді
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде "Өрлеу" біліктілікті арттыру курсында білім алып жатқан облыс мұғалiмдерiне Өлкетану курсы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ашық есік күні өткізілді. Іс-шара барысында бағдарлама жоспарына сәйкес ашық сабақтар, интеллектуалды ойныдар үлгілері көрсетілді.
Тарих пәні мұғалімі Аширбаев Асылбек 9 "А" сыныбымен "Ислам мәдениеті ескерткіштері" тақырыбында ашық сабақ, өлкетану пәні мұғалімі Исашова Мақпал "Туған өлке тарихын бiлесiң бе?" тақырыбында 8 сынып оқушыларының арасында интеллектуалдық сайыс сабақ үлгісін көрсетті.