20
қараша
2019
Мектеп оқушылар жетістіктері
2019 жылы 2 қараша күні Шымкент қаласындағы Қ.Спатаев атындағы 7 мектеп-лицейінде "Қазақстанның білім және ғылым әлемі" республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық орталығының ұйымдастыруымен "Дарынды жастың рухани келбеті" тақырыбында II республикалық үздік ғылыми жоба байқауы өтті.
Байқау жоғары оқу орындарының, колледждердің, жалпы білім беру мекемелерінің және қосымша білім беру ұйымдарының арасында, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға біздің мектептен 10 оқушы қатысып 3 оқушы әр түрлі бағыт бойынша жүлделі орындарға ие болды. Олар: I орын 4"А" сынып оқушысы Саматұлы Ғаламат жетекшісі Абуова Гулмира.
II орын 5 "В" сынып оқушысы Әбдірахман Нұрдәулет жетекшісі Бейсенбекова Нұрсұлу
III орын Абилаш Жанайса жетекшісі Жанысбекова Айнұр.
Жүлделі орындарға ие болған оқушылар. I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталса, ғылыми жоба байқауға қатысып, өз зерттеу жұмысын ұсынған әрбір оқушы мадақтамаларға ие болды. Ал осы оқушыларға жетекшілік жасап, бағыт-бағдар беріп ғылымға баулығаны үшін және дарынды оқушымен жүйелі жұмыс жүргізе білгені үшін жетекшілері Құрмет грамотасымен марапатталды.