"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ"
Бастауыш сынып мұғалімдері 2«Ә» сынып жетекшісі Л.Т.Орынбаева, 1«Г» сынып жетекшісі М.Жанысбекқызы, 1«Д» сынып жетекшісі Г.Оңалбаева оқушыларымен "Тәуелсіздік-тұғырым" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Тәуелсіздік белестері, Желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат бере отырып, Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екендігі туралы айтылды. Оқушылар 16 желтоқсанға арналған өлең, тақпақтар айтты. Оқушыларды патриоттыққа, отансүйгіштікке баулыды.