"ТІЛІМ МЕНІҢ-САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНАМСЫҢ!" АТТЫ АПТАЛЫҚ » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ТІЛІМ МЕНІҢ-САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНАМСЫҢ!" АТТЫ АПТАЛЫҚ
07
ақпан
2023

"ТІЛІМ МЕНІҢ-САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНАМСЫҢ!" АТТЫ АПТАЛЫҚ

     Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тілім менің-сарқылмас қазынамсың!» тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты өткізілді. Іс-шара барысында мектеп директоры Г.А.Пржанова қазақ тілі бірлестігіне шығармашылық табыс пен қарышты қадам тіледі. Оқушылар  мерейтой иелерінің  өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық ойларын ортаға салып, 5-сынып оқушылары тіл туралы өз шығармашылығынан өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Іс-шара соңында «Кім көп біледі?» ойыны ұйымдастырылып, оқушылар ойынға ерекше қызығушылық танытып, белсенділік  көрсеткен оқушылар сыйлықтармен марапатталды.
   Іс-шараның мақсаты: ана тілге деген құрметті арттыру және оқушы санасына сіңіру. Ата-баба алдындағы ұлы парызымызды ұғындыру.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив