Іс-шаралар » Страница 28 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
08
сәуір
2023
"ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
     "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" акциясы барысында 5"ә", 5"д", 6"б" сыныптарының жетекшілері мен оқушылары "Жолда жүру ережесі"  тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, жол ережесінің белгілерімен таныстыру, оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. 
"ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ
08
сәуір
2023
"ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ
     Мектебіміздің бастауыш сынып жетекшілері оқушыларымен "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: оқушылар арасында жолда жүру ережелерін кеңінен насихаттау, кәмелетке толмаған оқушылармен орын алатын жол көлік оқиғаларының алдын алу, жолда жүру ережелері мен белгілерін таныстыра отырып, бағдаршамның маңызды рөлін түсіндіру. 
"Оқуға құштар мектеп"  жобасы
06
сәуір
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
   "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдық мерейтойына орай, мектеп кітапханашылары мен тарих пәні муғалімдері Бейбарыс Сұлтанның ерлігі, сыртқы жаумен шайқасы, мәмлүктердің тұрмысы туралы бейнефильм көрсете отырып, оқыған кітаптарын оқушылармен бірлесе отырып  талқылады. Бейбарыс- моңғол зұлматынан қайғы жеп, қасірет көрген, қабырғасы қайысып, босып кетуге мәжбүр болған, туған халқының кегі үшін өмір бойы шайқасқан нағыз патша. Оның қайталанбас ерлігі өсіп келе
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
04
сәуір
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күні және балалар жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай, 4«Д» сынып оқушылары арасында "Кітап даналықтың данасы" тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды. Шара барысында автордың шығармасынан библиографиялық шолу жасалынып, кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындырып, кітаптің адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіре отырып, оқырмандарға
«МІНЕЗ КӨҢІЛДІҢ АЙНАСЫ» АТТЫ ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
28
наурыз
2023
«МІНЕЗ КӨҢІЛДІҢ АЙНАСЫ» АТТЫ ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
  Педагог-психолог Г.М.Шынтаева 7«Ғ» сынып  оқушыларына «Мінез көңілдің айнасы» тақырыбында тренинг  жұмысын  жүргізді. Педагог-психолог адамның мінезі мен көңіл-күйі туралы түсінік бере отырып, оқушының өз мінезіне басшылық жасай алуын қалыптастырып, көңіл-күйін  жағымды арнаға түсіруге баулып, қарым-қатынастың белсенді стилін дамытуды мақсат етті.  
«ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫСТЫҢ, БАСЫ БОЛСЫН ЫРЫСТЫҢ» мерекелік іс-шара.
20
наурыз
2023
«ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫСТЫҢ, БАСЫ БОЛСЫН ЫРЫСТЫҢ» мерекелік іс-шара.
«ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫСТЫҢ, БАСЫ БОЛСЫН ЫРЫСТЫҢ» мерекелік іс-шара.       Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.        Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Наурыз мерекесі -  барлық жақсылығымен келсін!
"АРУЛАР-АСЫЛ ЖАНДАР"
13
наурыз
2023
"АРУЛАР-АСЫЛ ЖАНДАР"
    5"Ә" сынып жетекшісі Ускенбаева Гулназира Оразбекқызы сынып оқушыларымен "Арулар-асыл жандар" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар іс шара барысында 8-Наурыз Халықаралық  әйелдер мерекесімен құттықтап, анаға деген ыстық ықыластарын білдірді. Мақсаты, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеп, қазіргі қоғамдағы әйел-ананың рөлін айқындай түсу бағытында қыз балаларға рухани тәрбие беру. Халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге ынталандыру.
"ҚЫЗ ЕРКЕМ, МІНЕЗІМЕН КӨРКЕМ" АТТЫ ӘЖЕЛЕР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
11
наурыз
2023
"ҚЫЗ ЕРКЕМ, МІНЕЗІМЕН КӨРКЕМ" АТТЫ ӘЖЕЛЕР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
     «Қыз еркем, мінезімен көркем» атты "Қыз Жібек" ұйымы мен  әжелер арасында кезекті қыздар жиналысы болып өтті. Тәрбиесі жақсы, жан-жақты оқушылардың ата-аналары алғыс хатпен марапатталды. Мақсаты: болашақ қыздарымыздың  тәрбиелі, өнерлі болып , анасына қолғанат, инабатты, ибалы, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтейтін, көргенді, қайтпас қайсар қыздарды тәрбиелеп, қыз бен ана арасындағы парасатты тәрбиені насихаттау.
"АНАЛАР-АСЫЛ ЖАНДАР"
10
наурыз
2023
"АНАЛАР-АСЫЛ ЖАНДАР"
     10«А» сынып жетекшісі Өмірбаева Айгул Абдуллақызы сынып оқушыларымен  "Аналар-асыл жандар» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар іс-шара барысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, Анаға деген ыстық лебіздерін білдірді. Мақсаты, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету, инабаттылық, өзін-өзі көпшілік ортада ұстау сияқты жақсы қасиеттерді балалардың бойына сіңіру, тәртіпті болуға тәрбиелеу.