15
мамыр
2023
«МЕЙІРІМ — ЖҮРЕКТЕН БАСТАУ АЛАДЫ»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 2 «А» сынып жетекшісі Маржан Альменованың ұйымдастырумен «Мейірімділік жүректен бастау алады» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты, бала бойында мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін арттыру. Тәрбие сағатында тақырыпқа сай өлең, тақпақтар оқылып, бейнероликтер көрсетіліп, түрлі көрнекіліктер көрсетілді.







