«ДУБЛЕР КҮНІ» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қазан
2023

«ДУБЛЕР КҮНІ»

«ДУБЛЕР КҮНІ» керемет әсер сыйлады.

     ҚР-сы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының арнайы бастамасымен Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде Ұстаздар күніне орай "Дублер күні" өтілді. Басты мақсат - мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының қызметін жандандыру, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту. 
     Мектеп Парламент мүшелері дублёр күні жоспарын мектеп директорымен талқылап, іс-шараға жауапкершілікпен қарап ат салысты. Өзін-өзі басқару күні оқушылар мектеп басшысын, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларын, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын, сонымен қатар пән мұғалімдерін алмастырып сабақ өтіп, белсенділік танытты. Бүгінгі күнгі жауапты мамандар мектептің оқу-тәрбие процесін қадағалап отырды. Әрбір атқарылған жұмыстарына жауапкершілік танытты. Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар "Дублер күні" алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікірлерімен бөлісті. Дублер күні - оқушылар мұғалім болып, өзін-өзі басқара алатын, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алатын қызыққа толы күн жалғасуда.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив