20
желтоқсан
2022
Дублер күні өткізілді.
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде дублер күні өтті. 10-11 сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Осымен мектебімізде дублер күні төртінші рет өткізіліп жатыр. Осы жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды: олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Тәңертеннен бастап мектепте ерекше атмосфера орнады, қыздар сәнді киініп, ұлдар костюмде осы күнді қызықты да, мазмұнды етіп көрсетуге тырысты.
Осы күні мектептегі тәртіп биік деңгейде болады. Дублер күні - бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын күн, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алады. Күн қорытындысы бойынша дублер болған оқушылар жиналыс өткізіп, әр қайсысы өз пікірлерімен бөлісті және мұғалім болу тек қана қиын емес, қызықты екен деген ортақ ойға келді.