15
қыркүйек
2023
"ТІЛІМ МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ"
Қазақстан Республикасының тілдер мерекесі күніне арналған “Тілім менің мақтанышым” - атты айлық жоспар бойынша бүгін мектебімізде орыс тілі және әдебиеті бірлестігінің пән мұғалімдері Г.Сауганова, Ж.Абылаева “Могучий русский язык” тақырыбында 4-5 сынып арасында оқырмандар конкурсын өткізді. Пән мұғалімдері іс-шарада оқушыларды тіл мерекесімен құттықтап, сайыстың жоспар талаптарымен таныстырды. Осы іс-шараға әдістемелік бірлестік жетекшісі Т.О.Абдрашова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Аширбаев, орыс тілі және әдебиеті пән мұғалімі А.А.Өмірбаева қатысты. 4-5 сынып оқушылары тілге деген қызығушылығы мен құштарлығын керемет өлең шумақтарымен жеткізіп, өз деңгейіндегі жүлделі орындарға ие болды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Аширбаев оқушыларға тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы екендігін айтып, тілдер мерекесімен құттықтап, оқушыларды марапаттады.
1-орын 4 “Ә” сынып оқушысы Балдан Сабира,
2-орын 5 “Ә” сынып оқушысы Али Асия,
3-орын 5 “Ә” сынып оқушысы Батырбек Альмира ие болды.
1-орын 4 “Ә” сынып оқушысы Балдан Сабира,
2-орын 5 “Ә” сынып оқушысы Али Асия,
3-орын 5 “Ә” сынып оқушысы Батырбек Альмира ие болды.









