01
қазан
2023
ҚАРТТАРЫМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ "
"1-Қазан Халықаралық қарттар күніне" орай Еңбекші ауданы "Аманат" партиясының "Береке" бастауыш партия ұйымының төрайымы, Еңбекші аудандық партиялық бақылауының төрайымы Сабитова Алия Алиханқызының бастауымен 9-сынып оқушылары, жетекшісі К.Чапаева "Азат" елдімекенінің тұрғындары қарт әже Сарманова Бақтыгүл Абдихаликовна және Айдарбек Искак Азбергенович атаның үйлеріне барып мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар сыйлап, үй шаруасына көмектесіп қайтты. Іс-шараның мақсаты, жас ұрпақтардың бойына ұлттық құндылықтарымызды:адамгершілік, мейірімділік, сыйластық, татулық, бауырмалдық, үлкенге құрмет... сіңіру.
























