"ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН, СПОРТШЫМЫЗ ШЕТІНЕН" » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН, СПОРТШЫМЫЗ ШЕТІНЕН"
07
қыркүйек
2023

"ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН, СПОРТШЫМЫЗ ШЕТІНЕН"

       Мектебімізде "8-қыркүйек - Отбасы күніне орай "Әкем, анам және мен, спортшымыз шетінен" тақырыбында 1 - сынып оқушылары және ата-аналары арасында отбасылық эстафета ұйымдастырылып өткізілді. Спорттық эстафетаға "Аманат" партиясы Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жақайқызы, Еңбекші ауданының "Аманат" партиясының "Береке" бастауыш партиясының төрайымы Сәбитова Әлия Әліханқызы, мектеп директоры Пржанова Гулнур Аскербекқызы қатысып, төрағалық етті. Сайыс барысында ата-аналар мен оқушылар 6 бөлімнен тұратын спорттың түрлерінен өнер көрсетті: таныстыру, «Кім жылдам»,  «Бәйге»,  «Ептілік», «Баланытану», «Қар жинау». Мақсаты: үштік одақтың бірлігін нығайтып, мектепке жаңадан келген бүлдіршіндердің салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Жас ұрпаққа және ата - аналарға денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүруге қажеттілігін, денсаулық бағалы байлық екенін түсіндіру. Спортқа деген қызығушылығын арттыру, отбасының үндестікті және балалардың икемділігін, шапшаңдылығын нығайту.  Жеңіске жеткен отбасылар Еңбекші ауданының "Аманат" партиясының алғыс хаттары және  сыйлықтарымен марапатталды.



















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив