13
желтоқсан
2022
"АРУ ЕРКЕМ-БҰРЫМЫҢМЕН КӨРКЕМ" БАЙҚАУЫ
Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын... деп Абай атамыз жырлаған, қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты бұрымды қыздарымыздың «Ару еркем—бұрымыңмен көркем» атты мектепішілік байқауда қос бұрымымен ерекше көзге түскен №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 11«А» сынып оқушысы Бибінұр Қанат 1-орын, 9«Г» сынып оқушысы Мерей Төледияр 2-орын, 9«А» сынып оқушысы Ұлжалғас Пердебек 3-орын иеленіп, мадақтамамен марапатталды.




