07
қараша
2022
"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
"Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын...",-деп Абай атамыз жырламақшы қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтіп өсіруге көбіміз мән бере бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке, инабаттылыққа баулу мақсатында мектебімізде «Бұрымды қыз» байқауы өтті. Байқауға 8«а» сынып оқушысы Абдул Айбике, 8«ә» Райымбек Айша, 8«б» Оралбек Аянат, 8«в» Асқаралиева Зарина, 8«г» Рахымберді Аяна, 9«ә» Төлеген Гүлайым, 9«б» Шарип Айкөркем, 9«в» Қыдырбаева Диана, 9«г» Төледияр Мерей, 9«ғ» Қалдыбай Айида, 10«а» Ордабек Диана, 10«ә» Мұратова Аяулым, 10«б» Қыдырбаева Аселя, 11«б» Кенесова Жасмина қатысты. Байқауда өзінің шашбаулы бұрымымен 11«б» сынып оқушысы Кенесова Жасмина "бас жүлде", қолаң шашымен 9«г» сынып оқушысы Төледиярова Мерей 1-орын, қайратты шашымен 10«б» сынып оқушысы Мұратова Аяулым 2-ші орын, 10«б» сынып оқушысы Қыдырбаева Аселя және 9«в» сынып оқушысы Қыдырбаева Диана 3-орын иегерлері атанды.




