27
желтоқсан
2021
"Өзін-өзі тану адамгершілік бастауы"
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ұйымдастырылған "Өзін-өзі тану адамгершілік бастауы" тақырыбында қалалық- тәжірибелік семинарда өзін-өзі тану мұғалімі Алданазарова Ғайни 3 «А» сыныбымен «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларға бәрі де сүйіспеншіліктен басталатынын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Мұғалім сабақта оқушыларды топқа бөліп, «Миға шабуыл», «Мозайка», «Мұғалім сыйы», «Постер», «Гүл құрастырып, тілек тіле» әдістерін қолдана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды. Оқушылар топпен «Жау, жау жаңбыр» әнін айтып, өздерінің жақсы көңіл күйлерін білдірді.
Еліміздің болашақ жас ұрпақтарын жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде өзін-өзі тану сабақтарының орны ерекше.