«30 жылдыққа-30 кітап» атты байқау » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «30 жылдыққа-30 кітап» атты байқау
30
қараша
2021

«30 жылдыққа-30 кітап» атты байқау

БАЙҚАУ❗БАЙҚАУ❗БАЙҚАУ‼️❗

ЖҮЛДЕ❗ЖҮЛДЕ❗ЖҮЛДЕ‼️❗

ҚҰРМЕТТІ №68 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНІҢ ҰСТАЗДАРЫ!!! 

Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланған болатын. Осы орайда еліміздің биылғы атаулы мерекесі  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай көптеген іс-шаралар жоспарланып,  өткізілуде. 
Сонымен қатар, осы атаулы мерекеге орай мектебімізде  оқушылар арасында және мұғалімдер арасында «30 жылдыққа-30 кітап» атты байқау өткізілетіндігін хабарлаймыз.

 Байқаудың шарты: қатысушы өзі таңдаған бір ақынның шығармасын оқып, 4-5 минуттық бейнежазбаға өздері оқып жатқан шығармаларын ортаға салып, мазмұнымен, алған әсерлерімен бөлісіп, мектептің Facebook парақшасына жариялайды. Егер СІЗ оқуды ұнатсаңыз немесе  Абай айтқан «артық білімді» иемденіп, ғұмырлық азық алғыңыз келсе, онда бұл шара сіз үшін. Қатысушыларды қаржылай сыйлықтар мен мектеп директорының мадақтамалары күтіп тұр. 

Алайда, байқауға қатысу орны шектеулі. Мектептегі 130-дан астам мұғалімнің ішінен 30 ғана мұғалім қатыса алады. Ол үшін сіз 30-қараша мен 1,2-желтоқсан күндері өзіңіз оқитын кітаптың атын ұйымдасырушыға тіркетуіңіз керек, себебі бір қатысушы оқыған кітапты келесі қатысушы қайталауға болмайды. Кім бірінші болып оқитын шығармасының атын тіркетеді, сол қатысады. Байқау қорытындысы 13 желтоқсанға дейін шығарылып, жеңімпаздар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шарада марапатталады.









Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив