"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 3"Б" сынып оқушылары мектеп кітапханашыларымен "20-минуттық кітап оқу" іс-шарасын ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар өздерінің оқыған кітаптарынан үзінділер айтты. Мақсаты: балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Кітап оқуға сүйіспеншілікпен қарап, алдағы уақыттарда да, оқып жүруге ынталарын қалыптастыру.