ЕМХАНА ДӘРІГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
ЕМХАНА ДӘРІГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ Мектебімізге ШЖҚ МКҚ №5 қалалық емхана ЖТД дәрігері А.М.Демесинова, емхана психологы С.Ы.Күнтуғанова, емхана гинекологы Э.Т.Тойымбетова келіп, 8-11 сынып оқушы қыздарына «Кәмелетке толмағандардың арасында аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу», «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Қызылша және қызамық» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Дәрігерлер слайд және бейнероликтер көрсету арқылы көптеген ақпараттармен бөлісті.