Материалы за Февраль 2023 года » Страница 3 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Февраль 2023 года » Страница 3
"МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ БАТЫЛ ҚОРҒАУШЫСЫМЫН" АТТЫ БАЙҚАУ
14
февраль
2023
"МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ БАТЫЛ ҚОРҒАУШЫСЫМЫН" АТТЫ БАЙҚАУ
    "Біртұтас ұлт-біртұтас әскер" жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру мақсатында Ауған жерінде қаза тапқан жауынгерлерді еске алу және ардагерлердің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай, 10-11 сынып патриоттық клубтар  арасында "Мен өз Отанымның батыл қорғаушысымын" атты әскери-спорттық байқауы өтті. Байқау барысында Общеобразовательная школа №68нің "Жас сарбаз" тобының оқушылары Аллақұл Әлия, Пердебек Диана, Тәліп Назым, Туребаев Жанболат, Кенжебай
"ҰМЫТЫЛМАС ҰЛЫ ЕСІМ" ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ БАЙҚАУЫ
14
февраль
2023
"ҰМЫТЫЛМАС ҰЛЫ ЕСІМ" ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ БАЙҚАУЫ
     Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  130 жылдық мерейтойына орай «Ұмытылмас ұлы есім» тақырыбында өткен көркемсөз оқу байқауында мәнерлеп оқу қабілетімен ерекшеленіп, өз деңгейін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін Общеобразовательная школа №68нің 6«Ә» сынып оқушысы Ағабек Нұртілеу 1-орын иеленсе, 10«Б» сынып оқушысы Маткулов Біржан 2-орын, 6«А» сынып оқушысы Аллақұл Әсия 3-орын иеленіп мектеп директоры Пржанова Гулнур Аскербекқызының мадақтамасымен марапатталса, қалған оқушылар алғыс
"ҚОС БӘЙТЕРЕК" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ
14
февраль
2023
"ҚОС БӘЙТЕРЕК" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ
    Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі С.С.Бегимбетова 7«В» сыныбына қазақ тілі сабағынан "Қос бәйтерек" тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар М.Шаханов пен Ш.Айтматовтың «Қос бәйтерек» романын оқып, қос жазушының достығы туралы білді. Сабақ барысында оқу мақсатына сәйкес топтық, жұптық, жеке тапсырмалар орындалды. Оқушылар стиль түрлерін ажыратып, тілдік ерекшелігінің жанрын анықтап, еліктеу сөздердің мәнмәтінде қолдануын білді.
"20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ"
13
февраль
2023
"20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ"
    «Oқуға құштар мектеп» жобасы аясында шетел тілі пәні мұғалімі Г.Акилова  6«В» сынып оқушыларымен кітапханаға келген жаңа кітаптардың ішінен Зира Мартбай мен Лиля Калаустың «Бату мен достарының барсакелмес еліне саяхаты» атты кітабын оқып, өзара талқылады. Мақсаты, ертегіні оқып қана қоймай, тарихи деректерден хабардар ету, адал достықты насихаттау. 
"ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?" АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ
13
февраль
2023
"ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?" АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ
      Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тілім менің-сарқылмас қазынамсың!» тақырыбында өткізілген апталық барысында поэзияның асқар шыңы- Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Поэзия, менімен егіз бе едің?» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Жыр кешінде өмірге іңкәр, өмірді жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын туралы оқушылар сыр шерте отырып, өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтып, әндерін орындады.  «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрсетілген сахналық қойылым оқушылардың
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
11
февраль
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша 9«В» сынып оқушылары Бекжанова Ақниет және Жұманова Маржан "20 минуттық кітап оқу" шарасын өткізді. Шара барысында Ыбырай Алтынсариннің «Мұңсыз адам» кітабын оқып, оқушыларға қанағат ете білуді, сабырмен бәріне жете алуды, әр күнге риза болуды, армандарға талпынуды үйретті.
«Болашақ – білімді жастардың қолында» тренингі.
11
февраль
2023
«Болашақ – білімді жастардың қолында» тренингі.
     Көркем еңбек пәні мұғалімі  З.Б.Аблаева және педагог-психолог Г.М.Шынтаева  оқушыларға мамандық таңдау бойынша  бағыт-бағдар  беріп, тест жұмыстарын  жүргізді. Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру. Жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі типтері мен  факторлары туралы түсінік беру. 
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
10
февраль
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
    "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, «20 минуттық кітап оқу» бағдарламасы бойынша мектебіміздің 7«Ғ» сынып оқушылары Алдаберген Аяна мен Батыр Табиғат 7«Б» сынып оқушыларына  "Бақытсыз Жамал" кітабын оқып, түсініктерін айтты. "Менде оқыған кітапты сенде окы" демекші біздің мақсатымыз оқушылардың кітапқа деген құлшынысын арттыру.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
10
февраль
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6«А» сынып оқушылары Абылай Айсауле мен Қордабай Ұлболсын 7«Ғ» сынып оқушыларына «Әмина Тұранның көшпенділер еліне саяхаты» атты кітабын оқып, оқушылармен бірге кейіпкердің басынан өткендерін талқылады. Мақсаты, оқушылардың кейіпкердей қайсар мінезді, батылды, жігерлі болуға тәрбиелеп, кітап оқу арқылы зейіндерін ашу.
"ОЗАТ ОҚУШЫ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТТІ
09
февраль
2023
"ОЗАТ ОҚУШЫ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТТІ
  Мектеп психологы Г.Жұмахметова 3”Б” сынып оқушыларына “Озат оқушы” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: оқушылардың оқуға құштарлығын арттырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылар тренингке өте белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға  өз ойларынан қысылмай ашық айта білді.