Материалы за Февраль 2023 года » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Февраль 2023 года
Жеңіс құтты болсын!!!
27
февраль
2023
Жеңіс құтты болсын!!!
   Қазақстан Республикасының «Zhibek zholy Kazakhstan» Республикалық байқауына қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсеткен Общеобразовательная школа №68нің оқушысы Тұрғанбек Диана 1-орын иеленіп дипломмен марапатталып, түркі тілдес елдер арасында өтетін Түркия елі, Стамбул қаласында болатын байқауға қатысу үшін жолдама алды.  Жеңіс құтты болсын!!!
Бүгінгі күннің үздігі!
27
февраль
2023
Бүгінгі күннің үздігі!
   Шымкент қаласы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының екінші (облыстық) кезеңіне қатысқан Общеобразовательная школа №68нің 8«А» сынып оқушысы Амангелдыева Динара және 7«В» сынып оқушысы Туктамұрат Аминалар ерекше жетістіктері үшін мадақтамамен марапатталды. Ғылыми жетекшілері бастауыш сынып мұғалімі Канзат Достаева және биология пәнінің мұғалімі Альмина Тюльтебаева. Мектеп директоры Гулнур Аскербекқызы Пржанова
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
27
февраль
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6 "Д" сынып оқушылары Құмарбек Назерке мен Талғат Томирис 4"Ә"-сынып оқушыларына "20 минуттық кітап оқу" іс-шарасын өтті. Шара барысында Ыбырай Жақаевтың "Күріш туралы сыр" әңгімесін оқып, балаларды еңбек етуге, үлкенді құрметтеуге үйрете отырып, кейіпкер туралы ойларымен бөлісті. Оқушылар ақ күріштің пайдасы туралы жарыса айтып, еңбек туралы мақал-мәтелдердіде жатқа айтты.
"БІЗ-БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ
25
февраль
2023
"БІЗ-БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ
      Мектеп психологы Гүлмира Жұмахметова мен логопед Раушан Ашықбаевалар логопедиялық түзету сабақтарын алатын оқушылары мен ата-аналарына “Біз-бақытты баламыз” тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың “С”, “З”, “Ш”, “Ж”, “Л”, “Ң”, “Р” дыбыстарын дұрыс айтуға машықтандыру және танымдық процестерін дамыту. Оқушылар тренингте тапсырмаларды  көңілді әрі қызығушылықпен орындап отырды.
"АЛТЫН ҰРПАҚ" ЖЫР-ТЕРМЕ ҚАЛАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘН БАЙҚАУЫ
24
февраль
2023
"АЛТЫН ҰРПАҚ" ЖЫР-ТЕРМЕ ҚАЛАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘН БАЙҚАУЫ
     Шымкент қаласы қосымша білім беру оқу салалық орталығының ұйымдастыруымен күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай, «Алтын ұрпақ» жыр-терме, қалалық дәстүрлі ән байқауына қатысқан Общеобразовательная школа №68нің оқушысы Азат Кидирбаев «Лучший дәстүрлі ән орындаушы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Жетекшісі Алма Сүлейменова.
Мәртебеңіз асқақтай берсін асыл ұстаз!
23
февраль
2023
Мәртебеңіз асқақтай берсін асыл ұстаз!
    Республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қоры мектебіміздің білікті маманы Шанетова Нұршахар Нұрматқызын білім беру саласының сапасын арттыру жолында кәсіби міндеттерін абыройлы атқарып, адал еңбегі мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, орасан зор ізденістерінің арқасында шеберлігі мен біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» марапаттады. Мәртебеңіз асқақтай берсін асыл ұстаз!
Жеңістеріңіз құтты болсын!
23
февраль
2023
Жеңістеріңіз құтты болсын!
   Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған мекемесінің ұйымдастыруымен қазақ күресінен 2009-2010 жылы туылған және 2011-2012 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында нашақорлыққа қарсы ашық біріншілігі өтті. Сайысқа Общеобразовательная школа №68нің оқушылары қатысып, 26 кг салмақта Б.Ерсайынұлы 1-орын, Ә.Амангелді 2-орын, 46 кг салмақта Р.Ақжолұлы 3-орын иеленіп грамотамен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты
"ТАТУЛЫҚ, ДОСТЫҚ-БИІК ШЫҢЫ БІРЛІКТІҢ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТТІ
22
февраль
2023
"ТАТУЛЫҚ, ДОСТЫҚ-БИІК ШЫҢЫ БІРЛІКТІҢ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТТІ
      Мектеп директоры Г.А.Пржанова және педагог-психолог Г.М.Шынтаева 7«Ғ» сынып оқушыларымен “Татулық, достық - биік шыңы бірліктің” тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді.  Мақсаты: сыныптың ұйымшылдығын арттырып, топпен жұмыс жасауға бейімдеу. Оқушылардың бойына татулық, мейірімділік, бір-біріне деген жанашырлықты қалыптастырып, өзге сыныптарға жақсы тәрбиелерімен, білімдерімен үлгі бола білуді үйрету. 
"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың, ойынқұмарлықтың буллингтің, әлімжеттіктің алдын алу"
22
февраль
2023
"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың,
     Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Общеобразовательная школа №68нде бүгін, 2023 жылдың 21 февраль күні білім беру ұйымдарында қауіпсіздік талаптарын сақтау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың, ойынқұмарлықтың, буллингтің, әлімжеттіктің алдын алу мақсатында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ ЮПБ-ның УПИ полиция аға лейтенанты Өмірзақ Мұхаммедәлі Айдарбекұлы және мектеп психологтары, тәрбие орынбасары және АӘД жетекшісінің қатысуымен жоғары 8-11 сынып оқушылар
КЕЗЕКТІ «ДУБЛЕР КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ.
22
февраль
2023
КЕЗЕКТІ «ДУБЛЕР КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ.
    Мектебімізде кезекті «Дублер күні» өткізілді. Ай сайын үрдіске айналған «Дублер күні» жоғары деңгейде өткізілді. Оқушыларымыз ұйымдастыру жұмыстарына және сабақтарды өту әдістемесі мен білім алушылармен тіл табыса сабақ өтуге машықтанған.  Мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру, білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту.