20
қыркүйек
2022
«Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым қатынас қандай болу керек?» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Мектепте барлық сыныптар арасында «Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым қатынас қандай болу керек?» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста сынып жетекшілер ата-аналарды мектептің ішкі тәртібімен таныстыра отырып, жаңа жылда оқу жоспарын бірге ұйымдастыруды ұсынды. Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланысты нығайту мақсатында сынып сағаттарын өткізетін болды. Ата-аналар өз ара келісімге келе отырып ата-ана комитетін сайлады.














