«Сенімділік күш береді!» тренинг » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сенімділік күш береді!» тренинг
17
наурыз
2022

«Сенімділік күш береді!» тренинг

       №68 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы Г.М.Шынтаева, К.Б.Жолдастың   ұйымдастыруымен   11 «Б» сынып оқушыларына   «Сенімділік күш береді!» тақырыбында семинар тренинг өткізді.
        Тренинг мақсаты  оқушылардың ҰБТ-ке дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу танымдық қабілеттерін арттыру. Ішкі еркіндік, қарым-қатынас пен іс-әрекеттегі батылдықты, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру.  «Мамандық» құндылығы  туралы түсініктерді кеңейту,  олардың негізгі түрлерін  және бойындағы қабілетіне қарай, сұранысқа ие мамандықтар таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген  ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
         Тренинг барысында педагог-психолог  Г.М.Шынтаева оқушылармен  «Сенімділік туралы сұрақ жауап», «Жауапкершілік» әдістемесі, «Сенімділік» ойыны «Аффирмация» әдістемелерін  қолдана отырып жүргізді. Оқушылармен  тренинг  соңында кері байланыс  алынып, өз ойларымен бөлісті.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив