04
ақпан
2022
СҮЙІСПЕНШІЛІК ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ
СҮЙІСПЕНШІЛІК ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ






Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде Өзін өзі тану: "Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік аясында мектеп басшысы, өзін-өзі тану пәні мұғалімі Пржанова Гүлнұр Әскербекқызы 4"В" сынып оқушылары мен "Жаным толы жақсылық" тақырыбында ашық сабақ өтті. Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді деді. "Жақсылық" туралы бейне ролик көрсетіп, оқушылардың ойларын тыңдады. Қағазға адам бойындағы жақсы қасиеттерін тізбектеп жаздырып, оқытты. Олар кезектесіп жарыса оқыды, соңында жүрек жарды тілектерін жазып, "Бақыт ағашына" жапсырып, кері байланыс жасады.






