19
ақпан
2024
«АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ»
«АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ» орталығының жоспары бойынша 2 «Б» сынып жетекшісі Г.А.Коккузова сынып ата-аналарымен «Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны», «Құмар ойындардың қақпаны-ұялы телефон мен компьютер» тақырыптарында жиналыс өткізді. Осы тұста әр ата-ана балалардың ұялы телефон мен компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңу жолдары туралы өз ойлары мен пікірлерін айтты. Ата-аналар өзекті тақырыпты қызу талдады. Оның бала өміріне болашақта үлкен зияны болатынын өте қатаң ескертті.
Жиналыс барысында тақырыптық баяндамаға сай ата-аналардан сауалнамалар алынды. Сондай-ақ, «Сол қолмен жазу әдісі» жүргізіліп, «Мен сені қатты жақсы көремін» сөйлемін жазды. Берілген тапсырма қаншалықты қиын болса, бала жанына соншалықты түсіністікпен қарауға шақырды. Ата-аналар шеңбер болып тұрып, бір-бірінің есімдерін нақтылап есте сақтап алуы үшін бірінші адам өз есімін екінші адамға, екінші адам алдыңғы есіммен өз есімін қоса, соңғы ата-анаға дейін есімдерін толық атап шықты.