"ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫ — ТӘУЕЛДІЛІК ҚАҚПАНЫ" » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫ — ТӘУЕЛДІЛІК ҚАҚПАНЫ"
13
ақпан
2024

"ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫ — ТӘУЕЛДІЛІК ҚАҚПАНЫ"

"ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫ — ТӘУЕЛДІЛІК ҚАҚПАНЫ" АТТЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ 
Мектебіміздің 4"А", 4"В"- сынып жетекшілері Г.Ж.Абуова мен К.А.Достаевалар "Құмар ойындары-тәуелділік қақпаны" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыстың мақсаты: ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету. Қазіргі уақыттағы интернеттегі балалардың ойынға тәуелділігі және оның алдын алу туралы түсінік қалыптастыру. Ата-аналарға аталған тақырыпта баяндама оқылып, қоғам алдындағы ең өзекті мәселе балалардың компьютерлік ойынға тәуелділігін қалай жеңуге болады деген сұрақты бірлесе талқылау жасалды. Бала не себепті компьютерге тәуелді болатыны, тәуелділіктің неге алып келетіні, зияны мен зардабы туралы түсінік берілді. Баланы тәуелділіктен қалай қорғауға болатыны туралы ата-аналардың пікірлері тыңдалды. Құмар ойынның алдын алу жайлы айтылды. Ата-аналар өз ойлары мен тәжірибелерімен бөлісті. Ойынның зардабы тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, қорытындыланды. Бүгінгі ұрпақ ол - еліміздің болашағы. Біздің ортақ мақсатымыз- қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жарасымды тұлға тәрбиелеу.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив