Оқушыларға » Страница 37 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Темекінің адам ағзасына зияны» тақырыбында ғылыми жоба қорғады.
10
желтоқсан
2022
«Темекінің адам ағзасына зияны» тақырыбында ғылыми жоба қорғады.
Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында 10«Б» сынып оқушысы Ермекова Айгерім сыныптастарының алдында «Темекінің адам ағзасына зияны» тақырыбында ғылыми жоба қорғады. Жобада оқушы темекінің түр-түрін айта келе, электронды темекінің адам ағзасына өте зиян екенін дәлелдеді.
Lesson study сабағы өткізілді.
06
желтоқсан
2022
Lesson study сабағы өткізілді.
    Химия пәні мұғалімі Мейрбекова Қарлығаш 9«Ғ» сынып оқушыларымен "Химиялық реакция теңдеуі бойынша қоспа құрамындағы заттың массасын анықтауға есептер шығару" тақырыбында Lesson study сабағын өтті. Сабақта өзіндік, топтық жұмыс, кеспе қағаздары, тест тапсырмалары орындалып, оқушылар сабаққа белсене қатысты.
«АРМАН КЕРЕК АДАМҒА»
03
желтоқсан
2022
«АРМАН КЕРЕК АДАМҒА»
  4«А» сынып оқушысы Ахметова Раяна "Армансыз адам—қанатсыз құспен тең" ертегісін айтып берді. Барынша оқушымызды қолдайық.......  Жарайсың Раяна!!!
"ҰБТ-КЕ СЕНІММЕН БАРАЙЫҚ!"
25
қараша
2022
"ҰБТ-КЕ СЕНІММЕН БАРАЙЫҚ!"
  Педагог-психолог Г.М.Шынтаева 11 «А,Ә,Б» сынып оқушыларына “ҰБТ-КЕ СЕНІММЕН БАРАЙЫҚ!” тақырыбында тренинг жұмысын жүргізді. Мақсаты, оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамыту, көңіл-күйін көтеру.
"БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР"
23
қараша
2022
"БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР"
    Тарих және география бірлестігі "Білім көкжиегіндегі жаңа мүмкіндіктер" тақырыбында апталық өтті. Бірлестік мұғалімдері М.Ермеков және Г.Капашевалар  9"Г"сынып оқушыларымен "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік ойын сайысын сыныптан тыс  өткізді. Сайыстың  мақсаты, қазіргі заман талабына сай білімді оқушыларды додаға түсе білуге, өз білімдерін көрсете алуға шыңдау.
"ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
18
қараша
2022
"ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
   8 А сынып жетекшісі Сагинбекова Гульназ  "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушыларға адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталатыны, кез-келген азамат өз елінің құқығын білу қажет екендігі туралы айтылды.
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
16
қараша
2022
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
   Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты  №68 жалпы орта білім беретін мектепте «Бала құқығы – адам  құқығы», «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» -  Республикалық онкүндікті ұйымдастыру бойынша іс – шара жоспарына сай, оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, адам өміріне зиян келтіретін үшкір, өткір заттарды алып жүрудің алдын алу мақсатында «Абай бол!» атты профилактикалық іс-шара өткізілді. ДТІЖО Ж.Альжанов, «Мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының «Құқық және
"СЕН ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫҢ МЕН МІНДЕТТЕРІҢДІ БІЛЕСІҢ БЕ?"
16
қараша
2022
"СЕН ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫҢ МЕН МІНДЕТТЕРІҢДІ БІЛЕСІҢ БЕ?"
    Мектеп директоры Гулнур Аскербековна жоғарғы 10-11 сыныптың ұлдарымен "Сен өз құқықтарың мен міндеттеріңді білесің бе?" тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.      Тренинг барысында құқықтық сауаттылықтарын арттыратын сауалдар мен жаттығулар ұйымдастырып, әр ісіне адал, әрі жауапкершілікпен қарауға баулыды. 
"ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙЫМ"
15
қараша
2022
"ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙЫМ"
   «Қыз-жібек» клубының төрайымы М.Қосыбаева 5,6,7-сынып қыздарымен «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында жиналыс өтті. Қыздарға мектептің тәртіп ережесі қайта түсіндіріліп, қалыптасқан қағидаларды орындау ескертілді. Қыздар да өздерін мазалап жүрген сұрақтарын ортаға салып, бір-бірімен ой бөлісті.
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ
08
қараша
2022
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ
   Шымкент қаласы дін істері   басқармасының дінтанушы, теолог маманы Ұлықбек Алиакбарұлы мектебіміздің 8-10 сынып оқушыларына діни экстримизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.