Оқушыларға » Страница 28 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
«БАЛАЛАР-ИНТЕРНЕТ-МЕДИА ҚАУІПСІЗДІК»
22
желтоқсан
2023
«БАЛАЛАР-ИНТЕРНЕТ-МЕДИА ҚАУІПСІЗДІК»
«БАЛАЛАР-ИНТЕРНЕТ-МЕДИА ҚАУІПСІЗДІК» Жаһандық құзіреттілік бойынша «Ақпараттық сауаттылық» атты 9-сынып оқушылар арасында зияткерлік олимпиадасы өткізілді. Сайыс барысында оқушылар интернет желісін қалай тиімді әрі сауатты пайдалану керектігі туралы білімдерін ортаға салды.
«ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ВЕЙП ТҰТЫНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ»
22
желтоқсан
2023
«ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ВЕЙП ТҰТЫНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ»
«ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ВЕЙП ТҰТЫНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ»             21.12.2023ж күні мектебімізде № 5 Қалалық Емхана жалпы тәжірибелік дәрігері  Танирбергенова  Айгерим Аширбаевнаның қатысуымен  оқушылар  арасында зиянды әдеттердің  алдын алу мақсатында, «Оқушылар арасында Вейп тұтынудың алдын алу»  және «Тыныс ал! Қозғалыста бол! Өмір сұр!» тақырыптарында профилактикалық акциясы өткізілді. Жиында  оқушыларға  Вейп тұтынудың  зияны, салдары  туралы кеңінен ақпарат беріліп, пайдалы кеңестер берілді.
"НАШАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС"
21
желтоқсан
2023
"НАШАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС"
"НАШАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС" АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ         8 "В" сынып жетекшісі А.Е.Тюльтебаева  оқушыларына «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Мақсаты, жасөспірімдердің есірткінің заңсыз айналымына қатысуының құқықтық салдарын түсіндіру.
«ҰБТ-ке СЕНІММЕН  БАРАЙЫҚ!»
20
желтоқсан
2023
«ҰБТ-ке СЕНІММЕН БАРАЙЫҚ!»
«ҰБТ-ке СЕНІММЕН  БАРАЙЫҚ!» АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ            Мектеп психологы Г.М.Шынтаева 11 "Ә"  сынып  оқушылармен "ҰБТ-ке сеніммен  барайық!" тақырыбында тренинг  жұмысын  жүргізді. Мақсаты: оқушылардың өзін тану арқылы, ҰБТ-ке жауапкершілікпен  қарауға, дайындықтары  барысында  өздеріне баға беру, дайындық  жұмыстарын арттыру, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стресті жеңуге жол көрсету, бойларына сенімділік орнату.
"ҰЛТТЫҚ РУХ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ"
19
желтоқсан
2023
"ҰЛТТЫҚ РУХ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ"
"ҰЛТТЫҚ РУХ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ"            8 "Б" сынып жетекшісі Орунбаева Гүлнұр оқушыларымен «Ұлттық рух - тәуелсіздік тірегі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты, өскелең ұрпаққа елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелей отырып, еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету.
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ — ҚАЗАҚСТАН"
15
желтоқсан
2023
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ — ҚАЗАҚСТАН"
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ — ҚАЗАҚСТАН"           16 - Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай бастауыш сынып мұғалімі Жаңбырбаева Меруерт 1”Ә” сынып оқушыларымен “Тәуелсіз елім - Қазақстан” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты, оқушыларға еліміздің Тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру. Жас бүлдіршіндерді Отанын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелей отырып, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
"КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ"
15
желтоқсан
2023
"КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ"
"КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ            "Мен көгінде байрағы желбіреген Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!"- ұранымен сынып жетекшісі С.Стамкулова 2"Ә" сынып оқушыларымен "Көк тудың желбірегені" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: тамырын тереңге жайған тарихымызға көз жібертіп, осындай елде туып- өскендіктерін мақтан тұту!
«Ұрпақ болашағы - ұстаздан»
15
желтоқсан
2023
«Ұрпақ болашағы - ұстаздан»
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ негізінде «ҰРПАҚҚА АМАНАТ» жобасы аясында «Ұрпақ болашағы - ұстаздан» тақырыбында №68 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Н.Дүйсенбаев 10 «ә» сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар ұлт ұстазы Ахмет, ұлы ақын Абай, Алаш көсемі Әлихан, философ Шәкәрім т.б. тұлғалардың нақыл сөздері негізінде қазіргі қоғам жастарының қалай оқып білім алуы жайында өз ойларын ортаға сала отырып, өздеріне қажетті ұлтжандылық, отансүйгіштік
"ТІЛ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ"
14
желтоқсан
2023
"ТІЛ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ"
"ТІЛ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ"            "Тіл дамыту және қарым-қатынас қабілеттерін қалыптастыру" мақсатында мектебіміздің мұғалім-логопедтері  Р.Е.Ашықбаева мен Ғ.П.Сагинбековалар ерекше білімді қажет ететін оқушылармен түзету-дамыту сабағын жүргізді. Мақсаты, балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту,  сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге,  қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
"ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ"
14
желтоқсан
2023
"ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ"
"ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ"            3 «А» сынып жетекшісі М.Альменова оқушыларына «Жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар оқушылардан «Тұмаудың алдын алу» тақырыбында диктант (жазба жұмысы) алынды.