15
желтоқсан
2023
«Ұрпақ болашағы - ұстаздан»
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ негізінде «ҰРПАҚҚА АМАНАТ» жобасы аясында «Ұрпақ болашағы - ұстаздан» тақырыбында №68 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Н.Дүйсенбаев 10 «ә» сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар ұлт ұстазы Ахмет, ұлы ақын Абай, Алаш көсемі Әлихан, философ Шәкәрім т.б. тұлғалардың нақыл сөздері негізінде қазіргі қоғам жастарының қалай оқып білім алуы жайында өз ойларын ортаға сала отырып, өздеріне қажетті ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді меңгере білді.




