15
мамыр
2024
“15-мамыр Отбасы күні”
“15-мамыр Отбасы күні” мерекесіне орай, мектебімізде “Асыл әжем, ақ әжем, ақ жаулықты дана әжем” тақырыбында ұрпақтар арасындағы сабақтастық идеясын ілгерілету бойынша әже және немеренің қатысуында отбасылық байқау өткізілді. Байқауға 5-сынып оқушылары өз әжелерімен қатысты. Байқауға қатысқан әжелер халықтың алты ауызынан әндер айтып, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, өз немерелеріне үйретіп жатқан қолөнер бұйымдарымен таныстырды. Жүлделі орын иегері атанған әже мен немересі мектеп директоры Г.А.Пржанованың мадақтамасымен және сыйлықтарымен марапатталды.




















