16
наурыз
2024
"Теріс субмәдениеттің таралуына жол бермеу және әлеуметтік желілерде, соның ішінде TIktok және Discord-та деструктивті жағымсыз мазмұнды құруға жол бермеу"
Мектебіміздің парламент мүшелері және мұғалім Н.Оразымбеттің ұйымдастыруымен "Теріс субмәдениеттің таралуына жол бермеу және әлеуметтік желілерде, соның ішінде TIktok және Discord-та деструктивті жағымсыз мазмұнды құруға жол бермеу" тақырыптарында саммит өткізілді. Саммит аясында белсенді оқушылармен медиа мәдениеті жан-жақты түсіндіріліп, талқыланды. Елімізде әсіресе жастар арасында кең етек алып келе жатқан Tiktok әлеуметтік желісін пайдалы әрі сауатты мазмұнда құруға арналған бірнеше сарынды идеялар айтылды. Медия мәдениетін бұзу ол оқушыға жат әрі қоғамда кертартпа көзқарас қалдыратынын практика жүзінде дәлелдемелермен түсіндірілді.






