06
ақпан
2024
“Мамандық таңдау-болашақты таңдау”
Мектеп психологы Гүлмира Жұмахметова және практикант Санағұлова Ақниет 11”А” сынып оқушыларымен “Мамандық таңдау-болашақты таңдау” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың мамандық таңдауда мақсатын айқындап, зерттеушілік әрекетін іске асыру. Оқушылардың өзі таңдаған мамандық туралы білімін анықтау үшін рольдік ойындар ұйымдастырылды. Бұл ойында 11-сынып оқушылары Мирас пен Диана мықты маман иесі болудың ұшқыр ойларымен бөлісіп, алға шықты. Оқушылар тренингке өте белсенді қатысып, қызығушылық танытты.














