14
қазан
2022
"МЕКТЕПТІҢ ГҮЛДЕНГЕНІ-ҚАЛАНЫҢ ГҮЛДЕНГЕНІ"
"Экология, өлкетану және туризм" орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен «Мектептің гүлденгені-Қаланың гүлденгені» мектеп ауласының ландшафтық дизайны қалалық байқауының «Үздік экскурсовод» номинациясы бойынша №68 жалпы орта білім беретін мектебінің "Экология жəне еңбек" фракциясының мүшелері І-дәрежелі дипломмен марапатталса, осы топтың жетекшісі Г.У.Лесбаева грамотамен марапатталды. Фракция мүшелері экология орталығында өткен байқауға қатысып 1-орын иеленгені үшін мектеп директоры Г.А.Пржанованың алғыс хатымен марапатталып, бүгінгі күннің үздігі атанды.
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Жеңістеріңіз құтты болсын!



