22
ақпан
2024
«Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері»
«АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ» орталығының жоспары бойынша 5 «Д» сынып оқушысы Қожанасыр Назымның ата-анасы М.Жанысбекқызы «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Жасөспірімнің желідегі әркетіне баса назар салу керектігін айта келе, тақырыпқа қатысты ата-аналардың да пікірін сұрады. Ата-аналар телефоннан келетін ақпараттың зияны мен пайдасы туралы қызу талқылады. Постер қорғап, өз ойларымен бөлісті. Зиянды ақпараттың бала өміріне қауіп тудыратынын ескертіп, әрбір ата-ана бұл тұрғыда өзіне жауапкершілік алу керектігін баса айтты. Жиналыс барысында ата-аналармен «Мен баламды қалай танимын» әдісі бойынша ойындар ойнатылып, тосыннан келген додэкаэдр сұрақтарына өз ойларымен жауап берілді. Жиналыс соңында ата-аналарыдан кері байланыс алынды.








